Өзбекстан мен Қатар жоғары білім беру саласында ынтымақтастық жасайды
Өзбекстан мен Қатар елі жоғары білім беру саласында ынтымақтастық жасайды. Осыған орай «Халықаралық келісімді бекіту туралы» Президенттің шешімі қабылданды.
Оған сәйкес Өзбекстан мен Қатар үкіметтері арасында жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.
Бұл келісімге 2023 жылы 6 маусымда Самарқанд қаласында қол қойылған.
Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі халықаралық келісімді жүзеге асыруға жауапты құзыретті орган болып белгіленген.
Министрлер Кабинетi, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың басшылары осы халықаралық келiсiм күшiне енгеннен кейiн оның ережелерiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етпек.