Өзбекстан мен Қатар ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық орнатылады
Өзбекстанның Қатардағы елшісі Ашраф Ходжаев Қатар Ұлттық кітапханасының директоры, доктор Хамад Әл-Куваримен кездесті.
Бұл кітапхана 2018 жылы Қатардың қазіргі әмірінің анасы Шейха Муза бинт Насир Әл-Миснадтың бастамасымен салынған және әлемдегі сирек кездесетін сәулет үлгілерінің бірі болып саналады. Кітапхана ең заманауи технологиялармен жабдықталған.
«Сұхбат барысында Хамад Әл-Кувари Өзбекстанның бай мәдени мұрасы, Самарқанд, Бұхара, Хиуа сияқты көне қалалары, Имам Бұхари, Имам ат-Термизи сынды ұлы ғұламалардың ислам өркениетіне қосқан үлесі араб халықтары тарапынан жоғары бағаланатыны атап өтті», делінген хабарламада.
Келіссөздер нәтижесінде Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтымен Қатар Ұлттық кітапханасымен қолжазбалар саласында ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Хамад Әл-Куваридің Өзбекстанға сапары туралы келісімдерге қол жеткізілген.