Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 28 маусымда Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Сонимен осы жылдың маусым айында Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды жеделдету жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Телефон арқылы сөйлесу басында Мемлекет басшылары бір-бірін күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, екі ел халқына бейбітшілік, амандық және тұрақты даму тіледі.
Самарқандта өткен жоғары деңгейдегі кездесу екіжақты қарым-қатынасты сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріп, нақты мазмұнмен байыта түсті деген пікір айтылды.
Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қабылданған бірлескен шешімдердің орындалу барысын қарастырды. «Жасыл» энергетика, қаржы, инфрақұрылым, көлік-логистика, құрылыс және басқа да салалардағы жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.