Ташкент қаласында Өзбекстан мен Польша сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында Өзбекстан-Польша ынтымақтастығының басым бағыттары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.
Саяси диалогты одан әрі дамыту, атап айтқанда, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
«Экономикалық дипломатияның белсенді дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан алғанда, екі жақтың да жетекші поляк компанияларының қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнатуға, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігі расталды. Сондай-ақ химия, тоқыма өнеркәсібі және ауыл шаруашылығына қатысты инвестициялық әлеует пен перспективалық жобалар бойынша ұсыныстардың тұсаукесері өтті», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту, екі елдің ғылыми және білім беру мекемелері арасында қарым-қатынас орнату бойынша ұсыныстар қарастырылған.
Сондай-ақ, тараптар туризм саласындағы әріптестікті дамыту, екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық негіздерін жетілдіру, еңбек көші-қоны саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту мәселелерін талқылады.