Өзбекстан мен Пәкістан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайшимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Өзбекстан-Пәкістан стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен өзара қызығушылық тудыратын салаларды жан-жақты дамыту перспективалары талқыланды.
Екі ел басшыларының бұрын қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыруға ерекше назар аударылып, әртүрлі деңгейдегі алдағы ресми кездесулердің кестесі талқыланды, делінген СІМ ақпаратында.