French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Пәкістан үкіметтері арасындағы транзиттік сауда келісімі бекітілді
16:29 / 2022-02-26

Өзбекстан мен Пәкістан үкіметтері арасындағы транзиттік сауда келісімі жөнінде құжат бекітілып, «Халықаралық шартты ратификациялау туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.

Қаулыға сәйкес Өзбекстан мен Пәкістан үкіметтері арасындағы транзиттік сауда туралы келісім (2021 жылғы 15 шілдеде Ташкентте қол қойылған) бекітілді.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Көлік министрлігі және Мемлекеттік кеден комитеті осы халықаралық келісімнің орындалуына жауапты құзыретті органдар болып белгіленген. 

Министрлер кабинеті және тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары осы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін Өзбекстанның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

21 ақпанда Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков Исламабадта Пәкістан Премьер-министрінің сауда және инвестиция жөніндегі кеңесшісі Абдул Раззак Даудпен кездескен болатын.