Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты түрде дамып келеді. Халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында белсенді ынтымақтастық жүзеге асуда. Жоғары деңгейде жасалған келісімдерді орындауда парламенттердің рөлі ерекше.
Бұл туралы Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Пәкістан Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмад Фаруктың кездесуінде айтылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуде маңызды рөл атқаратын парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелеріне назар аударды.
Сауда, экономика, инвестициялар, көлік және туризм сияқты басым бағыттарда ынтымақтастықты кеңейту келешегі ерекше талқыланды. Тараптар бұл салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру экономикалық байланысты нығайтуға және өзара тауар айналымын арттыруға ықпал ететініне тоқталды.

Кездесудің маңызды тұстарының бірі – екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және олардың бай тарихи-мәдени мұраларымен танысуға бағытталған бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін талқылау болды.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі күшейетініне және екі мемлекеттің халықтарының мүддесі үшін белгіленген жоспарлардың белсенді жүзеге асатынына сенім білдірілді.
ӨзА