Өзбекстан мен Пәкістан арасында бірлескен қауіпсіздік комиссиясы құрылды
Өзбекстан мен Пәкістан үкіметтері арасында бірлескен қауіпсіздік комиссиясы құрылды.
Бұл Өзбекстан Президенті қол қойған «Халықаралық келісімді бекіту туралы» шешімде көрсетілген.
Комиссияның қызметі халықаралық терроризм мен діни экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және т.б. төндіретін қауіп-қатерлерге қарсы күресте ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Бірлескен қауіпсіздік комиссиясы туралы хаттамаға 2021 жылдың 2 қарашасында Исламабадта қол қойылған еді.
Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан тарапынан осы халықаралық келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің орындалғаны туралы Пәкістан тарапына тиісті хабарлама жіберетін болады.