Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Палау арасында дипломатиялық байланыс орнатылды
18:23 / 2025-09-26

Нью-Йорк қаласында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Палау мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Густав Айтаромен кездесті.

Өзбекстан СІМ басшысы Палауның мемлекеттік хатшысы Густав Айтаро мырзамен кездескеніме қуанышты екенін айтып, маңызды байланыс орнағаны жайлы жазған өзінің ресми парақшасында.

Кездесу нәтижесінде қос тарап үшін тарихи мәнге ие құжат – дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылған. Бұл маңызды қадам Өзбекстан мен Палау арасындағы достық қарым-қатынастардың негізін қалаумен қатар, болашақтағы жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатыны атап өтілген.

«Бұл келісім тек өзара ізгі ниетімізді білдіріп қана қоймай, ынтымақтастық пен серіктестіктің келешегіне жол ашады. Біз жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін барлық әлеуетімізді пайдаланып, берік әрі ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға ниеттіміз», – деді Бахтиёр Саидов.