2022 жылдың 29 қаңтарында екі елдің сыртқы істер министрлері бір-бірін Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жыл толуымен құттықтады.
СІМ хабарлауныша, Абдулазиз Камилов жолдаған хатта Өзбекстан Корея Республикасымен тұрақты және сенімді қарым-қатынасты бағалайтынын және бұл елге жақын дос және уақыт сынынан өткен серіктес ретінде қарайтынын атап өткен.
«Жоғары деңгейде, парламент, үкімет және сыртқы істер министрліктері арасында тығыз саяси диалог орнатылды... Біздің елдер халықаралық ұйымдар аясында тығыз ынтымақтасады, аймақтық және жаһандық мәселелерге деген көзқарастарымыз ұқсас», - делінген Өзбекстан СІМ хабарламасында.
Өз кезегінде Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чон Йи Ёнг елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген салаларда жеке стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Өзбекстан-Корея ынтымақтастығының құқықтық негізін 197 құжат құрайды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комитеттің 11 отырысы және сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 14 раунды өтті, делінген Корея СІМ хатында.