Өзбекстан мен Оманның дипломатиялық төлқұжат иелері визалық талаптардан босатылады
2024 жыл 26 маусымда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Оман Сыртқы істер министрі Сейд Бадр бин Хамад әл-Бусадимен кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында Өзбекстан мен Оманды бай тарихи-мәдени мұра байланыстыратыны, өркендеу жолындағы көзқарастары ортақ екені атап өтілді.
“Кездесуде Өзбекстан мен Оман сыртқы істер министрліктері сауда-экономика, «жасыл» энергетика, өзара тәуелділік, кадрлардың әлеуетін арттыру, қоғамдық дипломатияны ілгерілету, аймақтық және жаһандық күн тәртібін қамтитын екіжақты ынтымақтастықты одан әрі байытудың басымдықтары талқыланды”, делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, келіссөздер соңында дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.