Өзбекстан мен Оман туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Өзбекстанның Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдусалом Хотамов «Salam Air» әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Хонжи және басқарушы директоры Адриан Хэмильтон-Маннспен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық орнату перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, тікелей әуе қатынасын жолға қою, ұшу географиясын кеңейту, сондай-ақ туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Salam Air» басшылығы серіктестікті нығайтуға мүдделілік танытып, Орталық Азия аймағы халықаралық авиация картасында салыстырмалы түрде жаңа бағыт ретінде жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында ынтымақтастықтың басым бағыттарын нақтылау мақсатында сарапшылар деңгейінде диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.