Өзбекстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері Гоада келіссөздер жүргізді
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Гоа қаласында Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен кездесті.
«Біз Жоғары мәртебелі Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкармен кездесіп, тұрақты дамып келе жатқан Өзбекстан-Үндістан қарым-қатынастарын қорытындыладық. Экономикалық және мәдени саланы, белсенді өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, болашақта қарым-қатынасымызды дамытудың бірқатар бағыттары бойынша пікір алмастық», - деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің Telegram-каналында.
Өзбекстан СІМ басшысы 4-5 мамырда өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Үндістанға барды.