Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Үндістан күріш өсіру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді
10:43 / 2022-11-14

Өзбекстан мен Үндістан күріш өсіру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіп, екі елдің фермерлері арасында тәжірибе алмасуды жолға қойады.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің дерегінше, Делидегі Өзбекстан елшілігінің өкілдері 9-11 қараша күндері Үндістанның халықаралық агросауда жәрмеңкесіне (India International Agro Trade Fair – AgroWorld 2022) қатысты.

Осы жәрмеңке аясында Үндістанның азық-түлік және ауыл шаруашылығы палатасымен ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарының бірі ретінде күріш өсіру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу және екі елдің фермерлері арасында тәжірибе алмасу мәселесін дамыту келісілді.

Бұл ретте Өзбекстан ауылшаруашылық өнімдерін, дымқыл және кептірілген жемістер мен бұршақ дақылдарына Үндістан нарығынан әлеуетті сатып алушыларды табу, жаңа экспорттық келісім-шарттарды әзірлеу мәселесі талқыланған.

Еске салар болсақ, 2022 жылдың 28 шілдесінде Делиде өткен Өзбекстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы аясында өткен келіссөздер нәтижесінде Үндістан тарапымен2022 жылдың қыркүйегінен бастап елде өсірілген жүзім, шие және қара өрік өнімдерін Үндістан нарығына шығару үшін фитосанитарлық рұқсат алынған болатын.

Келіссөздердің келесі кезеңінде басқа да бірқатар ауылшаруашылық өнімдері: ащы бұрыш, анар, құрма, алма, бадам және қызанаққа рұқсат алу күтілуде.