Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Үндістан басшыларының онлайн-саммиті өтеді
17:18 / 2020-12-10

Екі ел арасындағы Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, осы жылдың 11 желтоқсанында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди арасындағы бейне байланыс түріндегі кездесу өтеді.

Іс-шара күн тәртібіне Өзбекстан - Үндістан достық қарым-қатынасын және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері кіреді.

Коронавирустық инфекцияның жаһандық таралуының салдарын жою бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ерекше назар аударылатын болып, сауда көлемін ұлғайтуға, көлік байланыстарын дамытуға, ауыл шаруашылығы, энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау, фармацевтика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мен қатар аймақаралық диалогты, білім беру, гуманитарлық алмасуды жандандыруға бағытталған басым бағдарламалар мен жобаларды қарастыру жоспарланғпн.

Кездесу барысында екі елдің басшылары әлемдегі және Орталық Азиядағы ахуал туралы пікір алмасады, заманауи қауіптер-қатерлерге қарсы күрестің тиімді шараларын талқылайды.

Жоғары деңгейдегі келіссөздердің соңында Бірлескен мәлімдеме қабылданып, экономика және инновация, қаржылық және техникалық көмек, кеден мен сауданы техникалық реттеу, кадрлар даярлау және бірлескен зерттеулер бойынша бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылады.