English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Науру арасында дипломатиялық байланыс орнады
11:52 / 2025-03-25

Тынық мұхитындағы шағын мемлекет — Науру Республикасы Өзбекстанмен ресми дипломатиялық байланыс орнатқан 159-шы елге айналды.

Қос ел арасындағы бірлескен құжатқа Нью-Йорк қаласында Өзбекстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Улуғбек Лапасов пен оның әріптесі Лара Эраб Даниэль қол қойды.

Тараптар БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдіріп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға уағдаласты.

Бұл оқиға Өзбекстанның халықаралық аренадағы қатысуын кеңейтудегі маңызды қадам саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 21 ақпанда, Өзбекстан мен Суринам Республикасы арасында да дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған болатын.