Өзбекстан мен Мысыр арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 14-ке дейін өсуі мүмкін.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанның жұмыс тобы 19 ақпанда Каирде Мысырдың ірі министрліктері және ведомстволарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған.
«Атап айтқанда, Air Cairo әуе компаниясының төрағасы Хоссейн Шерифпен сұхбатта Өзбекстан мен Мысыр арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын көбейту және олардың географиясын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды», делінген хабарламада.
Мысыр тарапы жақын арада Каир-Ташкент-Каир бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашуға дайын екенін білдірді. Әуе компаниясының басшысы сондай-ақ компанияның басқа бағыттармен бірге Хургада мен Шарм-әл-Шейхке ұшу санын аптасына 14-ке дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдегені айтылады ведомство ақпаратында.