Өзбекстан мен Моңғолия өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын
2023 жыл 8 наурызда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтияр Саидов Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Бацэцэгпен кездесті.
СІМ мәліметінше, тараптар 2022 жылдың қыркүйегінде өткен екі ел президенттерінің кездесуі нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты.
Өзара ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, Сыртқы істер министрліктеріаралық консультациялардың кезекті раундын өткізу, тауар айналымын әртараптандыру және бірлескен ынтымақтастық жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Өзбекстан-Моңғолия жұмыс тобын және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Іскерлер кеңесін құру мәселелерін зерделеу туралы келісімге қол жеткізілді.