Өзбекстан мен Малайзия СІМ басшылары кездесті
2023 жыл 4 шілде күні ӨР Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Ташкентте Малайзия Сыртқы істер министрі Замбри Абдул Кадирмен кездесті.
СІМ мәліметінше, тиімді диалог барысында екі ел арасындағы ашылмаған кең мүмкіндіктер талқыланды.
«Кездесудің күн тәртібі кең ауқымды болды, оның ішінде жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық дипломатияны жеделдету, туризмді дамыту, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын нығайту, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ СІМ басшылары Өзбекстан мен Малайзия сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.