Өзбекстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары кездесті
2024 жыл 12 қарашада Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Ламмимен кездесті.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты диалогты әрі қарай дамыту және практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
«Экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ әртүрлі салаларда тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін институционалдық механизмдерді жетілдіруге ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.
Тараптар сондай-ақ, жаһандық және аймақтық өзекті мәселелер, соның ішінде климаттық өзгерістер мен тұрақты даму мәселелері жөнінде пікір алмасты.