Өзбекстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасында ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
Лондонда Өзбекстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасында 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лондон қаласында Өзбекстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары өкілдерінің қатысуымен кезекті командалық-штабтық келіссөздер өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны дамытудың перспективалық бағыттарын белгіледі. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, соның ішінде Ауғанстанның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды, делінген хабарламада.
Консультациялар соңында 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылған.