Өзбекстан мен Ұлыбритания аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Эргашев пен Ұлыбританияның Қарулы күштер министрі Джеймс Хиппидің кездесті.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, диалог барысында Өзбекстан-Ұлыбритания ынтымақтастығының қазіргі деңгейі, аймақтық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай талқыланды.
Джеймс Хиппи Өзбекстанның Ауғанстандағы аймақтық ұстанымын нығайтуға, осы елде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
Ұлыбритания Ауғанстан бағытында Өзбекстанмен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екені атап өтілді, делінген хабарламада.