Өзбекстан мен Кувейт сыртқы істер министрлері Анталияда кездесу өткізді
Түркияның Анталия қаласында сапармен жүрген Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Кувейттік әріптесі Абдулла Әли Әл-Яхьямен кездесті. Екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланған бұл диалог туралы Кувейттің «Kuna» ақпарат агенттігі жазды.
«Өзбекстан-Кувейт қарым-қатынасының күн тәртібі күннен-күнге нығайып келеді. Екіжақты және көпжақты нысандағы болашақ жоғары деңгейдегі диалогтар, экономикалық және мәдени дипломатияны дамыту, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу біздің назарымызда болды», деген Өзбекстан СІМ басшысы.
Айта кетейік, кездесу беделді халықаралық конференция – Үшінші дипломатиялық форум аясында өтті.