Өзбекстан мен Кувейт арасында ауқымды серіктестікті дамыту туралы мәлімдемеге қол қойылды
Әл-Кувейт қаласында өткен келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Кувейт Мемлекетінің Әмірі Шейх Мишааль ас-Сабах Өзбекстан-Кувейт кең ауқымды серіктестік қатынастарын дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Сондай-ақ, келесі құжаттар рәсімделді:
- Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Әуе қатынасы туралы келісімге қосымша хаттама;
- Еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Ақылды» қалаларды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- Өнер және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- 2025-2027 жылдарға арналған туризм саласындағы іс-шаралар бағдарламасы;
- Кувейттің Араб экономикалық даму қоры мен ынтымақтастық туралы келісім.





