Өзбекстан мен Куба арасындағы ынтымақтастық кеңейеді
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилльямен телефон арқылы сөйлесті.
«Біз Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилльямен телефон арқылы сөйлестік. Біздің кең ауқымды күн тәртібімізде барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылған. Елдеріміз арасындағы алыс қашықтыққа қарамастан, Өзбекстан мен Кубаның сыртқы істер министрліктері Өзбекстан мен Куба арасындағы ынтымақтастықты айтарлықтай нәтижелермен кеңейту үшін барлық мүмкіндіктерін жұмылдыратынына келістік», деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 24 ақпанында Кубаның елшісі болып тағайындалған Карлос Вальдес де ла Консепсённы Өзбекстанда аккредиттациядан өткен еді.
Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс 2006 жылдың 13 наурызында орнаған.