Өзбекстан мен Кореяның бірінші ханымдары Сеулдегі Ұлттық оңалту орталығында болды
Өзбекстан Республикасының бірінші ханымы, «Замин» халықаралық қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зироат Мирзияева пен Корея Республикасының бірінші ханымы Ким Чен Сук Сеулдегі Ұлттық оңалту орталығында болды.

Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын нығайтуға және оларды оңалту, ғылыми-зерттеу және білім беру арқылы қоғамға кіріктіруге ықпал етеді.

Қонақтар орталықтың озық тәжірибесімен танысты. Инновациялық технологиялар, зертханалық жұмыстар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи көмекші құралдарды өндіру процесі көрсетілді.





