Өзбекстан Республикасының Көлік министрінің орынбасары Жасурбек Чориев пен Корея Ұлттық теміржол әкімшілігінің бас директоры Ли Сон Хэ бастаған делегация арасында ресми келіссөздер өтті.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, тараптар теміржол саласына заманауи технологияларды енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында инновациялық әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Әсіресе Өзбекстанда жаңадан салынуы жоспарланған бағыттарда жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи сигнализация, геолокация және қозғалысты басқару жүйелері, сонымен қатар Кореялық навигациялық шешімдерді енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Корея Ұлттық теміржол әкімшілігінің басшысы Ли Сон Хэ «Ташкент – Самарқанд» жоғары жылдамдықты бағыт жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау барысы туралы да ақпарат берді.
Жобаны әзірлеу процесі Korea Eximbank гранты есебінен Saman Engineering, Dong Myeong Engineering Consultants & Architecture Co., Ltd, Korea Railroad Corporation және Korea National Railway компанияларынан құралған консорциум арқылы жүзеге асырылады.