Өзбекстан мен Корея Республикасының сыртқы істер министрлері кездесті
2024 жыл 20 наурызда Сеулде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чо Тэ Ёлмен кездесті.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ерекше стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі кеңейтуге бағытталған жан-жақты күн тәртібі туралы пікір алмасылды, алдағы жоғары деңгейдегі диалогтар талқыланды.
«Екі елдің сыртқы істер министрліктері өткен жылы құрылған Стратегиялық диалог аясындағы қарқынды ынтымақтастықты жалғастыратыны айтылды», делінген хабарламада.