Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Корея Республикасының Президенттері телефон арқылы сөйлесті
17:16 / 2023-11-21

21 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльмен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен ерекше стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамытудың және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы аясында екі ел басшыларының кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Әртүрлі ынтымақтастық форматтарында белсенді диалог пен алмасуды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Жетекші компаниялардың кооперация жобаларын жеделдету және Оңтүстік Кореяның банк және қаржы институттарымен жаңа серіктестік бағдарламасын қалыптастыруға қызығушылық білдірілді.

Бірлескен Үкіметаралық комитет отырысын осы жылдың соңына дейін өткізуге келісілді.

Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасының Президенттері алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын да талқылады.