English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Корея Президенттерінің онлайн форматтағы саммиті өтті
19:01 / 2021-01-28

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин 28 қаңтарда бейнеконференциялы форматта кездесу өткізді.

Айтулы саммитті өткізу туралы келісім өткен жылдың қазан айында мемлекет басшыларының келіссөздері кезінде жасалған болып, бүгінгі келіссөздердің күн тәртібіне Өзбекстан мен Корея арасындағы ғасырлар бойғы достық байланыстары мен ерекше стратегиялық серіктестікті дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері орын алды.

Мемлекет басшылары іс-шараны аша отырып, жаңа жылдағы алғашқы кездесуде бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Көпжақты өзбек-корей қарым-қатынастары, пандемияға қарамастан, тұрақты дамып келе жатқандығы айтылды және өткен жылы Президенттер екі рет телефон арқылы сөйлесіп, Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші халықаралық форумға қатысты.

Кездесуде Өзбекстан Президенті корейлік тараптың коронавирустық жаңа инфекциямен күресу жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан зор үлесін жоғары бағалады және бұл қауіпті аурудың алдын-алуда, науқастарды тиімді емдеуде және оңалтуда Өзбекстанға практикалық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Президенттер екі жақты қарым-қатынастар туралы айта отырып, арнайы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мен ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуді қолдайтындықтарын жеткізді.  

Тұрақты саяси консультацияларды жалғастыру және парламентаралық алмасуды жандандыру, елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 30 жылдығын атап өтуге арналған екіжақты іс-шаралар бағдарламасын дайындау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Жоғары, кәсіптік және мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мұра нысандарын цифрландыру мен қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі және болашақ бағдарламалары талқыланды.

Бұдан бөлек, Президенттер Оңтүстік Кореяның жетекші университеттері мен Өзбекстан аймақтарында бірлескен оқу орталықтарының филиалдарының көбейіп келе жатқандығын қанағаттанушылықпен айтып, жетекші жоғары оқу орындарында өзбек және корей тілдерін оқытуды кеңейтуге, сондай-ақ корей диаспорасына жан-жақты қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.  

Биылғы Оңтүстік Кореялық серіктестермен бірге жобаларға жалпы сомасы 400 мн долларға дейін инвестиция салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, энергетика, мұнай-газ, химия және мұнай химиясы, фармацевтика, қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды жаңарту, көлік және логистика, туризм және басқа да көптеген салаларды қоса алғанда жоғары технологиялық салаларда барлығы 3,4 млрд доллардан астам болған 55-тен жаңа жобалар дайындалуда.

Президент Мун Чжэ Ин Өзбекстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуын толық қолдайтынын қуаттады.

Тараптар БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар шеңберінде, сондай-ақ «Корея Республикасы - Орталық Азия» ынтымақтастық форумы аясында жоғары технологиялар, «жасыл» және цифрлық экономика саласындағы бағдарламаларды ілгерілету бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.

Алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың жоспары қарастырылды. Президент Мун Чжэ Ин Президент Шавкат Мирзияевтің Корея Республикасына сапармен келу жайлы ұсынысын растады.

Саммит соңында «Төртінші өнеркәсіптік революцияны» қолдау бойынша цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум, EDCF-пен үш жылға 1 млрд долларлық бағдарлама бойынша ынтымақтастық туралы келісім, заманауи көпсалалы клиника және жобалық институт - Химиялық технологиялар орталығын құру үшін несиелік келісімге қол қойылды.