Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Корея көші-қон саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
10:43 / 2022-11-30

Өзбекстанның Әділет министрі Акбар Ташкулов пен Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Назим Хусанов бастаған Өзбекстан делегациясы Оңтүстік Кореяда іссапармен жүр.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сапар барысында Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасында өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, еңбек көші-қоны саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту бойынша бірқатар екіжақты келіссөздер ұйымдастырылды.

Өзбекстан өкілдерінің Корея Республикасының Әділет министрі Хан Донг Хунмен және Корея иммиграциялық қызметінің комиссары Ли Чжэ Юмен кездесуі өтіп, сұхбат барысында Е-8 визасы негізінде жұмысшыларды жұмысқа орналастыру, Өзбекстан азаматтарының Оңтүстік Кореяға келу жүйесі, жұмыс визасы негізінде түрлі салаларда жұмысқа орналасу мәселелері талқыланды, делінген хабарламада.