Корея мен Өзбекстан арасындағы үкіметаралық конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енді
Хаттамаға 2019 жылы 19 сәуірде Ташкентте Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған
Өзбекстан Республикасы Үкiметi мен Оңтүстік Корея Республикасы Үкiметi арасындағы 1998 жылғы 11 ақпандағы екi тараптық салық салуды болдырмау және кiрiстер мен капиталға салынатын салықтарға салық салудан жалтарудың алдын алу жөнiндегi үкiметаралық Конвенцияға өзгерiстер енгiзген туралы Хаттама күшiне ендi.
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қағидаға сай, құжаттың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді жүзеге асырды.
Осынау Хаттама 2019 жылы 19 сәуірде Ташкентте Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған.
Оның мазмұны бойынша құжат салық төлеуден жалтарудың алдын алу үшін салық салу саласындағы ақпарат алмасудың тиімді тетіктерін кеңейтуді көздейді және халықаралық келісім аясында салықтық құқық бұзушылықтармен күрестегі ынтымақтастықты нығайту мен екі елдің салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге көмектеседі.