Өзбекстан мен Жапонияның дипломатиялық байланысына 30 жыл толуына орай естелік логотип әзірленді
Өзбекстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай Өзбекстанның Токиодағы елшілігі арнайы естелік логотип әзірледі.
Арнайы жасалған логотипте Өзбекстанның ұлттық рәміздерінің бірі «Шердор» медресесі мен Жапония сұлулығының символы «Фудзи» тауы бейнеленген болып, осы арқылы екі елдің қарым-қатынасы ежелден Ұлы Жібек жолымен тығыз байланысты екені әспеттелген.
Сонымен қатар, логотипте екі елдің бай тарихын, баға жетпес құндылықтары мен ұлттық-мәдени дәстүрлерін бейнелейтін Өзбекстан мен Жапония туларының түстері көрсетілген.
Бұл ретте екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ортақ ұмтылыста ерекше сипатталған.