Өзбекстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
2023 жыл 31 наурызда Өзбекстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі басшысы Бахтиёр Саидов Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаясимен телефон арқылы сөйлесіп, тараптар ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру барысы, алдағы іс-шаралар кестесі, түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары туралы пікір алмасты.