Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Жапония арасында тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
14:25 / 2023-03-17

2023 жылдың 13 сәуірінен бастап «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Өзбекстан мен Жапония арасында тұрақты рейстерді қайта жолға қояды.

Әуе компаниясының мәліметінше, күншығыс еліне тікелей рейстер әр аптаның бейсенбі күндері орындалады.

Әуе билеттерін авиакомпанияның ресми сайты (www.uzairways.com), мобильді қосымшасы немесе авиакомпания агенттері арқылы сатып алуға болады.

Бұған дейін, Өзбекстан 2021 жылдың мамыр айының басында Жапонияға рейстерді уақытша тоқтатқан еді. Оған себеп ретінде коронавирустың таралуына байланысты екені мәлімденген.

Өзбекстан мен Жапония арасындағы рейстерді ішінара қалпына келтіру 2022 жылдың көктем-жазғы навигация кезеңінде жүзеге асырылды. Бұл ретте елдердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін ғана тұрақты рейстерді қалпына келтіру көзделген болатын.

2015-2019 жылдар аралығында Өзбекстан мен Жапония арасында 500-ден астам рейс орындалып, осы аралықта 72 мың адамнан астам жолаушы өз мекенін жеткізілген. 2020 жылы пандемияға байланысты елдер арасындағы тұрақты әуе қатынасы тоқтатылған еді.