Өзбекстан мен Жапония елдері арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды.
СІМ мәліметінше, 1992 жылы 26 қаңтарда Өзбекстан Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қатынас орнаған болып, осы мерейлі датаға байланысты екі елдің сыртқы істер министрлері бір-бірін құттықтады.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың құттықтауында:
«Өзбекстан Жапониямен тығыз және сенімді қарым-қатынасты бағалайды және біз бұл елді сенімді дос және уақыт сынынан өткен серіктес ретінде білеміз», делінген.
Құттықтауда Өзбекстан тарапының жаһандық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша Токиомен диалогты жалғастыруға мүдделі екені атап өтілген.
Бұл ретте Күншығыс елінің Сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси Өзбекстан Жапония үшін ынтымақтастық ұзақ тарихы бар достық ел ғана емес, сонымен қатар маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті.
Хаяси мырза Өзбекстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды Жапония тарапы қолдайтынын жеткізген: 2002 жылдан бері Өзбекстан мен Жапония сыртқы істер министрліктері арасында 18 саяси консультацияның өткізілгені стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.
2021 жылы Мухсинхожа Абдурахманов Өзбекстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2019 жылдан бастап Йошинори Фудзияма Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқаруда.