Өзбекстан мен Израиль арасында ұшатын әуе компанияларына қойылған шектеулер алынып тасталды
6 қыркүйекте Тель-Авив қаласында Өзбекстан мен Израильдің авиациялық әкімшіліктері «Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Израиль Мемлекеті Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге» өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Израиль Мемлекетінің Көлік және жол қауіпсіздігі министрі Мири Регев пен Өзбекстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Феруза Махмудова қол қойған құжат екі ел арасындағы әуе қатынасын жүзеге асыру үшін әуе тасымалдаушыларының саны мен бағыттарына қойылған шектеулерді алып тастауды көздейді.
Өзбекстан мен Израильдің авиациялық әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық 1994 жылы жолға қойылып, 1995 жылы Ташкент-Тель-Авив бағыты бойынша алғашқы рейс жасалған. Бүгінде екі астанасы арасында аптасына 4 тұрақты рейс орындалуда.
2023 жылдың 3 мамырынан бастап «Qanot Sharq» жеке әуе компаниясы Израиль астанасын Самарқандпен байланыстырған еді.