Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Италия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды
17:44 / 2022-03-24

Өзбекстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луижи Ди Майо бір-бірін құттықтады.

Өзбекстан СІМ мәліметінше, А.Камилов өз хатында өткен жылдар барысында екіжақты қарым-қатынастың берік іргетасы қаланғанын, Еуропалық Одақ, БҰҰ институттары және басқа да халықаралық құрылымдар аясында жақсы ынтымақтастық орнағанын атап өткен.

Өзбекстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды екі ел халқының игілігі үшін кеңейтуге және нығайтуға сенім білдірілді.

Ди Майо мырза Өзбекстан - Италия ынтымақтастығы берік серіктестікке айналғанын, мұның дәлелі түрлі деңгейлер мен формалардағы тұрақты диалог екенін атап көрсеткен.

«Италия Еуропа мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың нығаюын құптайды және осы мақсатта Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасында кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды қолдайды», - деді Луижи Ди Майо хатында.