Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Испания бірлескен бизнес форум өткізеді
16:09 / 2023-02-07

Өзбекстан мен Испания наурыз айында бірлескен бизнес форум өткізеді.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Испанияның Сауда-өнеркәсіп палатасының халықаралық департаментінің басшысы Хаме Монтальвомен кездесті.

Кездесу барысында Өзбекстан мен Испанияның сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығы мәселелері, осы жылдың наурыз айында өткізу жоспарланған бірлескен бизнес-форумға палата басшылығы мен мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету жөні талқыланды.

Бұл іс-шараға отызға жуық жетекші испандық компанияның өкілдері қатысады. Шара аясында бірқатар екіжақты инвестициялық жобалар мен экспорттық келісімшарттарға қол қойылады деп күтілуде. Темір жол, ауыл шаруашылығы, суды үнемдейтін суару технологиялары, жел энергетикасы, тоқыма, былғары өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және басқа салаларда бірлескен жобалар бойынша келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен алдағы бизнес-форумға қатысуға кәсіпкерлер тарапынан үлкен қызығушылық бар екені, тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады хабарламада.