Өзбекстан мен Иран ынтымақтастықты нығайтады
Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммед Атабакпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, энергетика, көлік, логистика, фармацевтика және туризм салаларындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Бірлескен өндірістерді құру және өнімдерді өңірлік нарықтарға шығару жөніндегі нақты бастамалар қарастырылды.


Статистика деректеріне сүйенсек, 2024 жылы екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 500 миллион АҚШ долларын құраған. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Өзбекстанда Иран капиталы қатысқан 222 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар құрылыс, көлік және фармацевтика салаларында жобаларды жүзеге асырып жатыр.