Өзбекстан мен Иран СІМ екіжақты міндеттерді айқындайтын «Жол картасына» қол қойды
2023 жыл 28 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдуллахиянмен онлайн режимінде кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында Өзбекстан-Иран ынтымақтастығының саясаттан экономикалық дипломатияға дейінгі барлық аспектілері талқыланды.
«Кездесу соңында министрлер Өзбекстан мен Иран Сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған және бірлесіп шешілетін негізгі міндеттерді айқындайтын «Жол картасына» қол қойды», делінген хабарламада.