Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Иран Президенттері телефон арқылы сөйлесті
23:41 / 2024-07-17

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 шілде күні Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Масуд Пезешкианды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыстар тіледі.

Өзбекстан-Иран қарым-қатынастарын одан әрі дамыту, сауда, инвестиция және көлік салаларындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кейінгі жылдары сауда мен жүк тасымалы көлемінің, бірлескен жобалар мен кәсіпорындардың, әуе рейстерінің көбейіп келе жатқаны атап өтілді.

Бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да салалардағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетудің маңыздылығы сөз болды.

Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.