Өзбекстан мен Иран ұлттық құрамасы жолдастық кездесуін өткізеді
Қатарда өтетін 2022 ӘЧ іріктеу кезеңіндегі ойындар бойынша Өзбекстан құрамасы «D» тобында 5-тур нәтижесіне орай 9 ұпай жинап көшбастап тұр
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Қатарда өтетін 2022 ӘЧ және Азия кубогы-2023 жылғы іріктеу ойындары алдынан дайындықты пысықтау мақсатында Иран құрамасымен достастық кездесуін өткізеді.
Өзбекстан футбол қауымдастығының мәлімдеуінше кездесу 7 қыркүйекте Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өтеді, деп жоспарланған. Оқу-жаттығу жиыны аясында Вадим Абрамов қоластындағы ұлттық құрама бұл кездесуге дейін дәл осы алаңда 4 қыркүйек күні Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болады.
Қатарда өтетін 2022 ӘЧ іріктеу кезеңіндегі қалдырылған ойындар қараша және қазан айланыда өтуі белгіленген. Өзбекстан құрамасы «D» тобында 5-тур нәтижесіне орай 9 ұпай жинап көшбастап тұр.