Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Иран делегациялары арасында кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті
22:51 / 2023-06-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси арасындағы келіссөздер екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

Халқтарымыз арасындағы байырғы мәдени-тарихи байланыс Өзбекстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту үшін берік негіз болып отырғаны ерекше атап өтілді.

Осы орайда Өзбекстан басшысының Иранға сапары екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты ынтымақтастық деңгейіне көтеруге бағытталған.

Президенттер шағын құрамдағы кездесу қорытындысын жоғары бағалап, күні кеше Өзбекстан мен Ираннан 200-ден астам кәсіпкердің қатысуымен өткен бизнес-форумның қорытындысын құптады.

Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында сындарлы диалог пен парламенттері арасында тығыз ынтымақтастық орнағандығы айтылды.

Сауда-экономикалық салада өзара тауар алмасу көлемі тұрақты түрде артып отырғаны байқалуда. Екі елдің көлік-транзиттік коммуникацияны пайдалануды кеңейту іскерлік қарым-қатынастарды жандандыруға және жүк тасымалдауды арттыруға қызмет ететініне сенім білдірілді.

Инновациялар, жасанды интеллект, нанотехнологиялар, кибернетика, технологиялар трансферті сияқты салаларда тәжірибе алмасудың маңыздылығы сөз болды.

Бұхара облысы мен Хамадан, Самарқанд және Исфахан қалалары арасында тікелей байланыс орнатуды қамтитын аймақаралық ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны қолдау тапты.

Екі елдің астаналары арасында тұрақты әуе қатынасының артуы бизнес пен туристер ағынын арттыруға қызмет ететініне сенім білдірілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Өзбекстан Ғылым академиясының қорларында сақталған көне қолжазбаларды тереңдетіп зерттеу жөніндегі бірлескен ғылыми топ құру туралы келісілді.

Келіссөздер соңында Мемлекет басшылары бірқатар бірлескен «жол карталарын» дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру тетіктерін енгізу туралы тапсырма берді.