Өзбекстан мен Иран Ауғанстанға экономикалық көмек көрсету жайын талқылады
2021 жылдың 4 қазанында Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Иран Ислам Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамид Найрабадимен кездесті.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар екі елдің Ауғанстандағы ынтымақтастықты кеңейтуге талпыныстарын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Иран елшісі Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік орнатуға белсенді қатысуын ерекше атап өтті.
Қос тарап сонымен қатар ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету мен Ауғанстанға экономикалық көмек көрсету жөнінде пікір алмасты.