Өзбекстан мен Ирак арасында әуе қатынасы жолға қойылады
3 ақпан күні Иракта іссапармен жүрген өзбекстандық кәсіпкерлерден құралған Өзбекстан делегациясы Экономика консулдығы ұйымдастырған бейресми форматтағы «Бизнес диалог» іс-шарасына қатысты.
Кездесу барысында қабылдаушы тараптың ресми өкілдері өзбекстандық іскер азаматтар үшін виза рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ екі мемлекет арасында тікелей әуе қатынасын жолға қою бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кету керек, Baghdad International Fair халықаралық көрмесі аясында өткен бұл басқосу экспорт-импорт жүйесіндегі серіктестікті нығайтуға арналған маңызды алаң ретінде бағаланды.