Өзбекстан мен Индонезия химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылауда.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Индонезияның «PT Pupuk Indonesia» компаниясының президенті Ахмад Бакир Пасаманмен келіссөздер жүргізді.
Компанияның өндіріс жөніндегі директоры Боб Индиарто мен сатып алу жөніндегі вице-президенті Ариф Фаузан да қатысқан кездесуде, Өзбекстан мен Индонезия арасындағы химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Компания президенті Ахмад Бакир Пасаман Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқанын, қазіргі таңда индонезиялық іскер топ өкілдері ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Өзбекстанның химия өнеркәсібінің болашағы зор.
Атап айтқанда, калий хлоридінің минералды тыңайтқышының сапасы өте жоғары. Осы тұрғыдан алғанда Индонезия ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін Өзбекстаннан калий хлориді мен басқа да тыңайтқыштарды импорттауға қызығушылық танытқан.
Ынтымақтастық бағытын нақтылау мақсатында Өзбекстан дипломаттары Индонезия тарапына республиканың химия өнеркәсібінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы толық ақпарат бергені айтылған хабарламада.