Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Индонезия туристік байланысты кеңейтіп, әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады
11:17 / 2022-08-05

Өзбекстан мен Индонезия туристік байланыстарды кеңейтіп, елдер арасында әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады.

Өзбекстанның Индонезиядағы Елшілігінде Индонезияның Panorama туристік компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Рики Сетиавантомен кездесу өтті.

Онда, компанияның туристік өнімдер менеджері Висну Приангоно, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрлігінің маркетинг департаменті басшысының орынбасары Мауди Паатта қатысып, тараптар Өзбекстан мен Индонезия арасындағы туристік алмасуды, оның ішінде Бұхара, Самарқанд (Өзбекстан+Умра бағдарламасы бойынша зиярат туризмі) және Бали аралына (ойын-сауық туризмі) туристік алмасуды қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Өзбекстан мен Индонезия арасындағы әуе қатынасын ашу мақсатында Индонезияның Citilink Indonesia және Garuda Indonesia авиакомпанияларымен талқыланып жатқан турпакеттерді жүзеге асыру және жобаның маркетингі бойынша бірлескен шаралар қаралғаны айтылады «Dunyo» ақпараттық агенттігі хабарында.

Айта кетерлік жайт, «Panorama» туристік компаниясы 1972 жылы құрылған болып, туризм, көлік және қонақ үй бизнесін қатар жүргізеді. Индонезиядағы жетекші туроператор жыл сайын 150 мыңға жуық шетелдік туристерді қабылдайды, 1 миллионға жуық индонезиялық туристерді шетелге жібереді.