Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов БАӘ-нің Халықаралық биоәртүрлілікті сақтау ауыл шаруашылығы орталығы (ICBA) бас директоры доктор Тарифа әл-Заабимен кездесу өткізді.
Министрлік мәліметінше, кездесу барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің COP29 климат конференциясында ауыл шаруашылығы дақылдарының климат өзгерісіне төзімділігін арттыру мақсатында жетекші ұйымдардың қатысуымен Аймақтық генетикалық ресурстар банкін құру туралы ұсынған бастамасы талқыланды.
ICBA бұл бастаманы қолдауға және оны іске асыруда белсенді түрде қатысуға дайын екенін білдірді. Министр, өз кезегінде, бұл құрылымның Орталық Азия өңірінде өнеркәсіптік кооперацияны, сондай-ақ ғылыми-техникалық алмасуды дамыту үшін маңызды платформаға айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Кездесу барысында «Нөкіс», «Мойнақ» және «Чимбай» фермерлерінің осал тұстарын азайту және олардың жер деградациясымен байланысты экономикалық шығындарын алдын алу мақсатында «Қарақалпақстанның деградацияға ұшыраған аймақтарында тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту» жобасы талқыланды. Бұл жоба Арал теңізінің апаттық салдарын жұмсартуға және өңірде тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында климаттық өзгерістердің аграрлық секторға әсерін зерттеу және оның теріс салдарын азайту үшін жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу қажеттілігі туралы пікір алмасылды. Бұл бағыттағы ынтымақтастық, әсіресе, Орталық Азияда тұрақты даму мен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруға жол ашатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында 2025 жылы Өзбекстан мен ICBA арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономика жылы» аясында бірлескен ғылыми жобалар ұйымдастыру және өзара пайдалы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұрақты консультациялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.