Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Хорватия СІМ басшылары кездесті
17:54 / 2024-12-10

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Хорватияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті

Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бүгін елге жұмыс сапармен келген Хорватияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті.

«Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Хорватияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Гордан Грлич-Радман мырзаны қарсы алғаныма қуаныштымын, – деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрі өзінің Telegram-каналында. – Кездесуіміздің күн тәртібі өте ауқымды болды және барлық ынтымақтастық бағыттарын қамтыды. Екіжақты қарым-қатынастарымызды нығайту және келешекте серпінді алмасуларды қамтамасыз ету қажеттігін атап өттік. Алдымызға жаңа мақсаттар қойып, алдағы жылға арналған жоспарларды талқыладық. Сонымен қатар елдеріміздің іскерлік топтары арасындағы тығыз ынтымақтастықты қолдауға келістік".

Айта кетейік, Өзбекстан мен Хорватияның сыртқы істер министрлері қыркүйек айының соңында Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездескен болатын. Сол кездесуде министрлер жақын саяси диалог орнатуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға, мәдени байланыстарды және халықтық дипломатияны дамытуға дайын екендіктерін растаған еді.